Мемлекет басшысы D.A.R. Metall AG басқарма төрағасы Кристиан Артнерді қабылдады

326

Бұл туралы Ақорданың баспасөзі мәлім етті.  

Мемлекет басшысы D.A.R. Metall AG басқарма төрағасы Кристиан Артнерді қабылдады Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев D.A.R. Metall AG компаниясымен серіктестікті дамыту және заманауи неміс технологияларын игеру еліміздің өнеркәсіп және экология саласындағы басымдықтарына толық сай келетінін атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осыған орай кездесу барысында Қазақстанда металл өңдеу жобасын бірлесе іске асыру перспективасына айрықша мән берілді.

Мемлекет басшысы Қазақстан үшін металлургия секторы аса маңызды екеніне назар аударып, саланың маңдайалды кәсіпорны – Qarmet компаниясында жүргізіліп жатқан реконструкция барысын баяндады.

Өз кезегінде Кристиан Артнер неміс компаниясының Қазақстанда өндіріс жобаларын жалғастыруға ниетті екенін растады.

D.A.R. Metall AG Алатау қаласында тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын қайта өңдеуге, сондай-ақ Qarmet компаниясымен жаңа бастамаларды бірлесе жүзеге асыруға қызығушылық танытып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу