Мемлекет басшысы екі халықаралық келісімді ратификациялау туралы заңдарға қол қойды

135

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Мемлекет басшысы екі халықаралық келісімді ратификациялау туралы заңдарға қол қойды Фото: akorda.kz

Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ОРЕС Халықаралық даму қоры арасындағы жеке сектордағы операцияларды ұйымдастыру туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Аталған заң жеке сектордағы жобаларды қолдау мен қаржыландыру тетіктерін дамытуға бағытталған. Заңның мәтіні бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы "Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімін ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл құжат ЕАЭО мен Моңғолия арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге және өзара тауар айналымын арттыруға мүмкіндік береді. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу