Мемлекет басшысы электр энергиясы саласына қатысты Үкіметке қатаң тапсырма берді

Қазақстан халқына Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев жаңартылатын энергия көздеріне баса назар аудару туралы айтты.

Мемлекет басшысы электр энергиясы саласына қатысты Үкіметке қатаң тапсырма берді Фото: Ақорда

Президенттің сөзінше, еліміз 123 миллиард киловатт-сағат электр энергиясын өндіреді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Индустриясы, құрылыс саласы және агроөнеркәсіп кешені дамып келе жатқан, әрі ең бастысы экономикасын толық цифрландыруды, қоғамдық өмірдің барлық саласына жасанды интеллектті енгізуді және соған байланысты деректер орталықтарын салуды жоспарлап отырған ел үшін электр энергиясын өндірудің мұндай көлемі апатты түрде жеткіліксіз.

Сондықтан еліміздің алдымызда стратегиялық сипаттағы міндет тұр: 2029 жылға қарай энергия өндіруде тұрақты профицитке қол жеткізу, – деді Мемлекет басшысы. 

Қасым-Жомарт Тоқаев осы мақсатта жаңа электр станциялары мен электр беру желілерін салып, қолданыстағыларын жаңғыртуымыз керек екенін жеткізді. Сондай-ақ, жаңартылатын энергия көздеріне, әсіресе күн электр станцияларына баса назар аударуды тапсырды. 

Жалпы, Үкімет 2035 жылға дейінгі кезеңге арналған елдің бірыңғай ұзақ мерзімді энергетикалық теңгерімін жаңартуға баса назар аударады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу