Мемлекет басшысы игерілмей жатқан жайылымдық жерлер мәселесіне тоқталды

1620

Мал жаю үшін 29 млн гектар жер қажет, ал шаруа қожалықтары 33 млн гектар жерді пайдаланбай отыр.

Мемлекет басшысы игерілмей жатқан жайылымдық жерлер мәселесіне тоқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында игерілмей жатқан жайылымдық жерлерді ауыл тұрғындарына қайтарып беруді тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жалпы, бұл өте күрделі мәселе болып тұр. Негізгі себеп - әкімдіктер тарапынан тиісті бақылаудың болмауы. Қазір мал жаю үшін 29 млн гектар жер қажет. Соған қарамастан шаруа қожалықтары 33 млн гектар жерді пайдаланбай отыр. Ауылдық округтердің 80 пайызында жайылымдық жер тапшы", - деді Президент. 

Мемлекет басшысының айтуынша, әсіресе Түркістан, Алматы, Қызылорда облыстарында бұл айқынкөрініс тауып отыр.

"Үкімет пен облыс әкімдері прокуратура органдарымен бірлесіп, игерілмей жатқан жайылымдық жерлерді ауыл тұрғындарына қайтарып беру ісін қолға алуы керек. Осыған баса мән берген жөн. Үкімет ғарыштан мониторинг жүргізу тәсілін жетілдіріп, оның ауқымын кеңейтуі керек. Осы маңызды жұмысты Президенттің тапсырмасымен ғана емес, тұрақты түрде атқару керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу