Мемлекет басшысы Ислам даму банкі тобының президенті Бандар Хаджармен кездесті

937

Кездесу барысында тараптар АХҚО жұмысына Ислам даму банкінің қатысу, басқа да исламдық қаржы институттарын тарту, жөнінде пікір алмасты.  

Мемлекет басшысы Ислам даму банкі тобының президенті Бандар Хаджармен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам даму банкі тобының "Астана" халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің отырысына қатысуы және Бандар Хаджардың Кеңес мүшесі лауазымына тағайындалуы Қазақстандағы исламдық қаржылық қызметті дамытуға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

"Қазақстанның Тұңғыш Президенті мен үкіметі исламдық қаржыландыруды дамытуға зор көңіл бөліп отыр. Бізде ислам банкі мен қаржы мекемелерінің қызметі үшін барлық жағдай жасалған. Осы бағыттың табысты болатынына сенімдімін", – деді Мемлекет басшысы.

Кездесу барысында тараптар "Астана" халықаралық қаржы орталығының жұмысына Ислам даму банкінің қатысу мәселесі, соның ішінде басқа да исламдық қаржы институттарын тарту, "Астана" халықаралық қаржы орталығының базасында ИДБ құрылымдарын орналастыру, осы орталықтың биржасында ислам облигацияларын шығару жөнінде пікір алмасты.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу