Кешенде 600 бала, олардың ішінде 85 оқушы бюджет есебінен жаттығады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сондай-ақ, мұнда 57 спорттық-сауықтыру тобы жұмыс істейді.
"Дәулет" орталығы – елордадағы балалар ең көп баратын, соның ішінде ерекше қажеттілігі бар спортшыларды да қамтитын әлеуметтік-спорттық нысандардың бірі.
Биыл мамыр айында орталық базасында Азия құрлығында алғаш рет Virtus World Tennis Championship 2025 – ақыл-ой кемістігі бар спортшылар арасында теннистен әлем біріншілігі өтті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу