Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Полиция күніне арналған концертті тамашалады

136

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.   

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Полиция күніне арналған концертті тамашалады Фото: akorda.kz

"Заң және тәртіп" апталығы аясында өткен мерекелік іс-шараға құқық қорғау құрылымдарының басшылары, Ішкі істер министрлігінің жеке құрамы, ардагерлер, сондай-ақ азаматтарды құтқару үшін өмірін құрбан еткен полиция қызметкерлерінің жақындары қатысты.

Концертте отандық өнер шеберлерінің шығармалары ұсынылды. 

Кәсіби міндетін орындау кезінде қаза болған құқық қорғау органдарының қызметкерлерін еске алған реквием көпшіліктің көңілін қозғады. 

"Жас сақшы" полиция сыныбы оқушыларының орындауындағы ән де ерекше жылы әсер қалдырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу