Тараптар қазақ-тәжік қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сонымен қатар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік деңгейін одан әрі арттыруға ниетті екенін растады.
Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық және су-энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мемлекеттер басшылары бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді толық әрі тиімді іске асырудың маңызын атап өтті.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.