Мемлекет басшысы Валерий Михайловқа құттықтау жеделхатын жолдады

242

Бұл туралы Ақорданың баспасөзі мәлімдеді.  

Мемлекет басшысы Валерий Михайловқа құттықтау жеделхатын жолдады Фото: kt.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев ақын, журналист, Қазақстанның халық жазушысы Валерий Михайловты 80 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Табиғи талантыңыз бен еңбекқорлығыңыздың арқасында шығармашылық жолыңызда ерен табысқа қол жеткіздіңіз. Ұзақ жылдар бойы еліміздің беделді басылымдарында жемісті еңбек етіп, "Казахстанская правда" газеті мен "Простор" журналын басқардыңыз. Адамгершілігі мол әрі өмірлік ұстанымдарынан айнымаған тұлға ретінде қаламгерлер арасында және қоғамда үлкен құрметке бөлендіңіз, – деп жазылған жеделхатта.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Валерий Михайловтың бірнеше буын оқырман қызыға оқитын шығармалары төл әдеби қазынамыздың бір бөлшегі ретінде лайықты бағаға ие болғанына назар аударды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу