Ұзындығы 409 шақырым болатын магистральді желі арқылы сағатына 32 800 текше метр көгілдір отын тасымалданады. Жобаның жалпы құны 11,4 миллиард теңгені құрайды.
Еске сала кетейік, 2021 жылы 27 шілде күні Мемлекет басшысының Жарлығымен Қосшыға облыстық маңызы бар қала мәртебесі берілген болатын.
Cондай-ақ, Мемлекет басшысы Digital Aqmola орталығында болды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Digital Aqmola орталығында Ақмола облысын цифрлық жаңғырту жоспары баяндалды.
Президент "103", "109", "112" жедел қызметтерін ортақ платформаға топтастырған І-Komek бірыңғай байланыс орталығының жұмысымен танысты.
Digital Aqmola жобасы көлік, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, қауіпсіздік, экология және денсаулық сақтау сияқты негізгі салаларға орталықтандырылған мониторинг жүргізеді.