Мемлекет басшысы креативті индустрияларды қолдауға бағытталған заңға қол қойды

124

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Мемлекет басшысы креативті индустрияларды қолдауға бағытталған заңға қол қойды Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне креативті индустрияларды қолдау және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Аталған заң креативті экономика саласын жүйелі түрде дамытуға, шығармашылық кәсіпкерлікті қолдауға және осы бағыттағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге бағытталған. Құжатта креативті индустрия субъектілерінің құқықтық мәртебесін нақтылау, қолдау тетіктерін кеңейту және саланың институционалдық негіздерін нығайту көзделген.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу