Мемлекет басшысы құқықтық көмек туралы конвенцияға өзгерістерді ратификациялады

100

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Мемлекет басшысы құқықтық көмек туралы конвенцияға өзгерістерді ратификациялады Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 

Құжат құқықтық көмек көрсету тетіктерін жетілдіруге, сондай-ақ азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша мемлекеттер арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған.

Заңның толық мәтіні ресми баспасөзде жарияланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу