Мемлекет басшысы Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына барды

577

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.  

Мемлекет басшысы Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына барды Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Атаға барды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаевты әуежайда Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды.

Айта кетейік, 31 шілде – 1 тамыз күндері Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми Консультативтік кездесуі Қырғызстанда өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу