Мемлекет басшысы Марат Омаровқа шағын және орта бизнесті қорғауға байланысты бірқатар тапсырма берді

167

Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысы Марат Омаровқа шағын және орта бизнесті қорғауға байланысты бірқатар тапсырма берді Фото: Ақорда

Президентке "Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы" Жарлықты іске асыру мақсатында атқарылған жұмыс нәтижесі баяндалды.

Агенттік төрағасы мемлекеттің экономикадағы үлесін азайту үшін 450-ден аса кәсіпорынды қамтитын тізім дайындалғанын жеткізді. Ұлттық жекешелендіру кеңсесі әзірлеген тізімдегі компанияларды бәсекелестік ортаға беру ұсынылады.

Марат Омаровтың айтуынша, негізгі тауарлар нарығындағы бәсекелестікті дамыту жұмыстары аясында биржалық қызмет заңнама талаптары мен қазіргі нарықтық сауда жағдайларына сәйкестендірілген. Бүгінгі таңда 3 тауар биржасы жұмыс істейді, ал Агенттікке аталған саладағы мемлекеттік бақылау функциялары берілген сәтте 22 биржа болған еді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысына ведомствоның алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспары таныстырылды.

Кездесу соңында Президент экономиканың басты секторларындағы бәсекелестікті дамытуға, ведомство жүргізіп жатқан тергеулер мен тексерулерге, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қорғауға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу