Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

145

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдел Фаттах Ас-Сиси мен оның отандастарын Мысыр Араб Республикасының ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады.

Президент Мысыр елінің одан әрі өркендей беруіне тілектес екенін жеткізді. 

Сондай-ақ қос халықтың игілігі үшін екіжақты және көпжақты форматтағы қарым-қатынас алдағы уақытта да арта түсетініне сенім білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу