Мемлекет басшысы Наурыз мерекесіне қатысты

133

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамы өтіп жатқан "Керуен сарай" кешеніне барды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесіне қатысты Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының назарына еліміздің тарихи-мәдени мұрасын паш ететін арнайы бағдарлама ұсынылды. 

"Қасым-Жомарт Тоқаевқа қыш және ағаш шеберлерінің жұмыстары, тігін мен зергерлік өнер үлгілері, тері бұйымдары, сондай-ақ сан алуан дәстүріміз бен рухани қазынамызды бейнелеген суретшілердің туындылары көрсетілді", – делінген хабарламада. 

Бұдан бөлек, Президент ұлттық спорт ойындарын тамашалады. Іс-шара барысында қазақ күресі, гір тасын көтеру, қол күресі, асық ату, арқан тарту, жамбы ату, тоғызқұмалақ, ләңгі тебу және қошқар көтеру сияқты ойындар ұйымдастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу