Президенттің құттықтау хатын Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев Астанадағы кездесуде табыстады.
Құттықтауда Қасым-Жомарт Тоқаев өнер иесінің ұлттық мәдениетті дамытуға, қазақ музыкасының мұрасын насихаттауға сіңірген еңбегіне тоқталған.
"Өзіңізге тән қоңыр дауысыңыз бен ерекше орындаушылық мәнеріңіз талғампаз тыңдарманның жүрегінен орын алды. Сіз дәстүр сабақтастығын сақтап, халық әндері мен белгілі композиторлардың таңдаулы туындыларын насихаттауға мол үлес қосып келесіз. Ізденіске толы шығармашылық жолыңыз жемісті болып, талантты шәкірттер тәрбиеледіңіз", – делінген құттықтау хатында.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы әншіге зор денсаулық, отбасына амандық пен бақ-береке тілеп, рухани-мәдени мұраны дамыту жолындағы жұмысына табыс тіледі.