Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады

327

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2026 жылы 29 қарашада өтетін барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық барысы бойынша сайлау органдарының атқарып жатқан жұмысы жөнінде ақпарат берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Президент сайлауды "Заң және тәртіп" конституциялық қағидаты негізінде өткізу, кандидаттар мен саяси партиялардың барлығына тең жағдай жасау маңызды екенін атап өтті. 

Мемлекет басшысы алдағы уақытта депутаттық корпустың жаңаруы жергілікті өкілді органдардың қызметін едәуір күшейтетініне баса назар аударды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу