Мемлекет басшысы Павлодар облысының креативті жастарымен кездесті

380

Президент жастарға үлкен сенім артатынын жеткізді.

Мемлекет басшысы Павлодар облысының креативті жастарымен кездесті Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Павлодар облысының креативті жастарымен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың жетістіктеріне жоғары баға беріп, еліміздің келешегі жоғары технологиялардың даму деңгейіне байланысты екенін атап өтті.

"Бір ғана Павлодар облысында осыншама талантты жастар бар. Сондықтан сіздер еліміздің экономикасын дамытуға елеулі үлес қосатындарыңызға ешқандай күмәнім жоқ. Мен жастарға әрдайым көңіл бөлемін. Біздің жастарымыз, ең алдымен, ұқыпты, еңбекқор, ойы ұшқыр, креативті, іскер болуы керек. Мен жастарға үлкен үміт артамын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оған дейін Мемлекет басшысы Павлодар ақпараттық технологиялар колледжінің негізінде құрылған аймақтық IT-Hub қызметімен танысқан болатын.

Мұнда ақпараттық қауіпсіздік және машина жасау саласының болашақ мамандары ІТ-нарықтағы заманауи машықтарды меңгеріп, бизнес серіктестер табады. Қала оқушыларына мектеп жасынан кәсіптік бағдар беру үшін IT Hub базасында "Робототехника", "Графикалық дизайн", "3D-прототиптеу" бағыттары бойынша курстар ұйымдастырылған. Сондай-ақ ересектерге арналған компьютерлік сауат ашу курсы бар.

Президент желілік және жүйелік басқару, 3D-прототиптеу зертханаларын, сондай-ақ металды лазермен кесу цехын аралап көріп, оқытушылармен әңгімелесті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу