Мемлекет басшысы Ресей президентімен телефон арқылы сөйлесті

683

Мемлекет басшысы Ресей президентімен телефон арқылы сөйлесті

Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты тағы да туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық, амандық және жұмысына жаңа табыстар тіледі, деп хабарлайды akorda.kz.

Әңгіме барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективасын, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар, биылғы 4-5 шілдеде Астанада өткен Сирия мәселесіне қатысты кезекті халықаралық кездесудің қорытындыларына ерекше мән берілді.

Қазақстан мен Ресей көшбасшылары алдағы кездесулердің кестесін қарастырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу