banner

Мемлекет басшысы салық төлеуден жалтарған ірі компанияларға қатаң ескерту жасады

853

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салық төлеуден жалтарып жүрген ірі компанияларға қатаң ескерту жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы салық төлеуден жалтарған ірі компанияларға қатаң ескерту жасады

"Ірі компаниялардың салық төлеу мәселесі қайғылы әнге ұқсайды. Қолымызда мамандандырылған органдардың деректері бар. Одан қомақты пайда тауып жатқан алыптар (ірі компаниялар – автор) әртүрлі сылтаумен салықты толық төлеуден бас тартатыны көрінеді", – деді Мемлекет басшысы кәсіпкерлермен кездесу барысында. 

Тоқаев Премьер-Министрге "бұл мәселені түпкілікті шешуді және қазынаны тиісті қаражатпен қамтамасыз етуді" тапсырды.

"Бұл талап орындалмаса, қатаң шаралар қолданылады. Ертерек "кім жасырынып үлгермесе, мен оған кінәлі емеспін" деген сөз бар еді ғой", – деді Президент.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу