Мемлекет басшысы Семей қаласындағы бейнелеу өнері музейін аралады

408

Мемлекет басшысы Абай облысына жұмыс сапары аясында Семей қаласындағы Невзоровтар атындағы бейнелеу өнері музейіне барды.

Мемлекет басшысы Семей қаласындағы бейнелеу өнері музейін аралады

Президентке музейдің тарихы таныстырылды. Невзоровтар музейі – Қазақстандағы көркемсурет құндылықтарын жинақтаған ірі мәдени нысандардың бірі, деп хабарлайды  inbusiness.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Музейде түрлі бағыттағы 5 мыңнан астам экспонат бар. Атап айтсақ, Қазақстан бейнелеу өнері, XVIII ғасыр аяғы және XX ғасыр басындағы орыс өнері, XVI ғасыр аяғы және XX ғасыр басындағы Батыс Еуропа кескіндемесі мен графикасы, XX ғасырдағы Ресей, Орталық Азия, Грузия, Армения, Беларусь өнері. Невзоровтар отбасы атындағы музей 1985 жылы тарихи-өлкетану музейінің ғылыми-көркем бөлімі болып құрылған. Музей мәртебесі 1988 жылы берілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу