Мемлекет басшысы шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға көңіл айтты

337

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Мемлекет басшысы шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға көңіл айтты Фото: inbusiness.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Вице-Президенті, Премьер-министрі, Дубай Әміршісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға ағасы шейх Ахмед бен Рашид Әл Мактумның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің өркендеуіне, ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға және экономикалық өсімді қамтамасыз етуге шейх Ахмед Әл Мактумның айтарлықтай үлес қосқанын атап өткен.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әл Мактум әулетінің мүшелеріне риясыз қолдау білдіріп, осы қайғылы сәтте бекем болуға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу