Мемлекет басшысы Швейцария Президентін құттықтады

223

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Мемлекет басшысы Швейцария Президентін құттықтады Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Конфедерациясының Ұлттық күніне орай Президент Карин Келлер-Зуттерге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысы ұлттың бірлігін, демократия дәстүрлерін және елдің бейтараптық қағидатына бейілдігін айшықтайтын мерекенің ерекше мәніне назар аударып, Швейцария халқына бақ-береке тіледі. 

Сонымен қатар Президент Қазақстан мен Швейцария қарым-қатынасының жоғары деңгейде екеніне тоқталып, қос халықтың игілігі жолында өзара ынтымақтастық нығая беретініне сенім білдірді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу