Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы екіжақты саяси, экономикалық және мәдени қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді "Алтын Қыран" орденімен наградтады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Президенті тиісті Жарлыққа қол қойды.
"ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы екіжақты саяси және экономикалық қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин "Алтын Қыран" орденімен наградталсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі" делінген ресми құжатта.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу