Мемлекет басшысы SOVICO Group компаниясының басқарма төрағасы Нгуен Тхань Хунгті қабылдады

274

Кездесуде көлік-логистика, қаржы және тау-кен салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.

Мемлекет басшысы SOVICO Group компаниясының басқарма төрағасы Нгуен Тхань Хунгті қабылдады Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Нгуен Тхань Хунгке ілтипат білдіре отырып, өзінің биыл тамыз айында Вьетнамға жасаған ресми сапарын еске салды. Сапар барысында қол жеткізілген уағдаластықтар екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге және өзара тиімді кооперацияның жаңа бағыттарын ашуға тың серпін берді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Президент SOVICO Group компаниясының инвестициялық қызметіне қажетті жағдай жасауға еліміздің дайын екенін жеткізді.

"Сіздің Қазақстандағы іскерлік белсенділігіңізді құптаймыз. Өзара ынтымақтастық орнататын салаларды айқындай алатынымызға сенімдімін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, аталған шаралар Қазақстан мен Вьетнам арасындағы іскерлік байланысты жандандыруға ықпал етеді.

Кездесу барысында ықпалдастықтың перспективті бағыттары, соның ішінде көлік-логистика, қаржы және тау-кен салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу