Мемлекет басшысы Таиланд Королі Маха Вачиралонгкорнды туған күнімен құттықтады

380

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы достық байланыстарды одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.  

Мемлекет басшысы Таиланд Королі Маха Вачиралонгкорнды туған күнімен құттықтады Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатында Корольдіктің орнықты дамуының, ұлттық мұрасы мен рухани құндылықтарының айшықты белгісі ретінде бұл мерекенің Таиланд халқы үшін ерекше мәнге ие екенін атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
 
Президент достық пен өзара қолдауға негізделген екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады.
 
Мемлекет басшысы Корольдің жауапты қызметіне табыс, ал достас Таиланд халқына құт-береке тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу