Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы ахуалды жіті қадағалап отыр

228

Бұл туралы Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы ахуалды жіті қадағалап отыр Фото: apnews.com

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі ІІ Абдаллаға хат жолдап, Қазақстан қазіргідей сын сағатында бауырлас иордан халқына қолдау мен тілектестік білдіретінін жеткізді. 

Президент ахуалдың ушығуына әкелуі мүмкін іс-қимылдардан бас тартуға шақырып, кез келген халықаралық қақтығыс дипломатиялық тәсілдер арқылы шешілуі қажет екенін тағы да атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу