Мемлекет басшысы Үкіметтің атқарған жұмысына баға берді

738

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістің пленарлық отырысына қатысты.  

Мемлекет басшысы Үкіметтің атқарған жұмысына баға берді Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев отставкаға кеткен Үкіметтің күрделі кезеңдегі жаңа талапқа тез бейімделгенін айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Конституцияның 70-бабына сәйкес Мәжілістің жаңадан сайлануына байланысты Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты. Осы ретте Үкіметтің атқарған жұмысына қысқаша тоқталғым келеді. Біз соңғы жылдары жаһандық және жалпыұлттық ауқымдағы көптеген қиындықты бастан өткердік. Үкімет күрделі кезеңдегі жаңа талапқа тез бейімделді. Сол арқылы экономиканың тоқырауына жол берген жоқ. Жұмыс орындарын қысқартпай, сақтап қалды. Шұғыл шаралардың нәтижесінде ел экономикасы 3,2 пайызға өсті", - деді ол.

Тоқаевтың сөзінше, халықтың алдындағы әлеуметтік міндеттемелер уақтылы әрі толығымен орындалды.

"Үкімет пен Парламент экономиканы дамытып, халықтың әл-ауқатын арттыру үшін барлық күш-жігерін жұмылдыруға тиіс. Біз аз уақыттың ішінде ауқымды саяси реформа жүргіздік. Түбегейлі өзгерістер еліміздің жаңа дәуірге қадам басуына жол ашты. Бұл жұмыс жалғаса береді.

Бірақ экономикалық өзгерістер саяси жаңғыру үдерісінен кенже қалмауы керек. Сондықтан Үкімет әлеуметтік-экономикалық реформаларды батыл жүзеге асыруға тиіс. Бұл – өте жауапты жұмыс", - деді Мемлекет басшысы.

Ел сенімін ақтау – бәрімізге сын, деп атап өтті Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу