Мемлекет басшысы Вьетнам Социалистік Республикасын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

313

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.   

Мемлекет басшысы Вьетнам Социалистік Республикасын Тәуелсіздік күнімен құттықтады Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы, Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті То Лам мен оның отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Президент бұл мерекені Вьетнам халқының бірлігі мен жасампаз рухының, сондай-ақ елдің тұрақты дамуы мен өркендеу жолындағы ұмтылысының жарқын нышаны ретінде атап өткен.

Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында стратегиялық серіктестік қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламның жауапты қызметіне толайым табыс, ал Вьетнам халқына құт-береке тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу