Мемлекет басшысы жаңа заңға қол қойды

722

25 қазан ұлттық мереке – республика күні. 

Мемлекет басшысы жаңа заңға қол қойды

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп жазады inbusiness.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, сенат депутаттары кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге енгізілген түзетулерді қабылдады, ол бойынша 25 қазан ұлттық мереке – республика күні болады.

7 қыркүйекте Мәжіліс депутаттары тиісті заң жобасын мақұлдады. Сенат түзетулерді Президенттің қол қоюына жіберген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу