Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министрі Санаэ Такаичиге құттықтау хатын жолдады

102

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министрі Санаэ Такаичиге құттықтау хатын жолдады Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Санаэ Такаичиді Премьер-министр лауазымына сайлануымен құттықтап, Жапонияның игілігі жолындағы бастамаларына сәттілік тіледі.

Сонымен қатар Президент Қазақстан-Жапония қарым-қатынасын одан әрі нығайтып, екі елдің стратегиялық серіктестігін жаңа деңгейге көтеру үшін бірлесе күш-жігер жұмылдыруға дайын екенін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу