Мемлекет басшысы: "Жер шарын қорғау – ортақ міндетіміз. Бүгінгі саммит бізге осыны көрсетеді"

90

Таразы басында адамзаттың, ең алдымен, өскелең ұрпақтың болашағы тұр.  

Мемлекет басшысы: "Жер шарын қорғау – ортақ міндетіміз. Бүгінгі саммит бізге осыны көрсетеді" Фото: Ақорда

Бұл туралы Өңірлік экологиялық саммитте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бұл – жай ғана экологиялық мақсат емес, керісінше, адами парыз, экономикалық қажеттілік, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау мақсатындағы стратегиялық басымдық. 

Осы орайда орнықты келешек қалыптастыруда мынадай негізгі қағидаттарға арқа сүйеген жөн:

  • халқымыз бен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік;
  • шекара мен шектеуге бөлінбейтін ынтымақтастық;
  • ресурстарға, технологиялар мен мүмкіндіктерге теңдей қол жеткізетін әділеттілік;
  • нәтижесі көзге көрінетін нақты шаралар;
  • ауқымы мен даму деңгейіне қарамастан елдер арасындағы бірлік.

Саммит барысында Орталық Азиядағы экологиялық ынтымақтастық жөніндегі Астана декларациясы және бірқатар маңызды келісім қабылданады. Бұл біздің аталған қағидаттарды берік ұстанатынымызды және аймақтық экологиялық серіктестікті нығайтуға қадам басқанымызды дәлелдейді.

Бүгінгі талқылаулардың мазмұнды әрі бірлескен нақты бастамаларға негіз болатынына сенімдімін. Осылайша, халықтарымыздың игілігіне қызмет ететін баянды болашақтың іргесін қалаймыз", – деді Мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу