Мемлекет басшысының білім сапасын арттыру және қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты қысқарту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру үдерісіне жүйелі енгізуге ерекше назар аударылуда.
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова және Sinovation Ventures пен 01.ai компанияларының бас атқарушы директоры Ли Кай-Фу жасанды интеллект технологияларын орта білім беру жүйесінде қолданудың негізгі тәсілдері мен мүмкіндіктерін таныстырды.
Жоба педагогтердің жұмысын қолдауға, оқытуды әр оқушының жеке қажеттілігіне бейімдеуге, сондай-ақ ауылдық және шағын жинақты мектептер үшін сапалы білімнің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.