Оның айтуынша, сол кезеңде Қасым-Жомарт Кемелұлы өте ашық, қарапайым әрі әріптестерімен еркін пікір алмасатын адам болған.
"Біз көп сөйлесетінбіз. Қасым-Жомарт Кемелұлы қызметке қатысты ойларын, пікірлерін ашық жеткізетін. Оның тағы бір ерекшелігі – есте сақтау қабілетінің өте жоғары болғаны. Архивтегі құжаттардың қайсысы қандай екенін, олардың қашан жазылғанын жақсы білетін. Сол кезде оның жадына ерекше таңғалғаным есімде", – деп еске алады Мұхамбет Көпеев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу