Мемлекет қаражатын игере алмай жатқан өңірлер аталды

627

Биыл өңірлерге 1,9 трлн теңге бөлінеді.

Мемлекет қаражатын игере алмай жатқан өңірлер аталды Фото: inbusiness.kz

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2021 жылдың бірінші тоқсанында (қаңтар, ақпан, наурыз) бюджеттен бөлінген қаражатты игере алмай жатқан өңірлерді атады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

Оның айтуынша, мемлекеттік органдар осы жылдың бірінші тоқсанында бюджеттің шығыстары 99,5% -ға, республикалық бюджет 99,8% -ға, жергілікті бюджет 99,1% -ға орындалған.

"Республикалық бюджет шығыстары 3,5 трлн теңге болды. Бюджеттің 7 миллиард теңгесі орындалмады, оның 4 миллиард теңгесі үнемделді, 3 миллиард теңгесі игерілген жоқ", - деді министр Үкімет отырысында.

Министр қаржының игерілмеуіне тендерлік рәсімдердің ұзақ және уақтылы өткізілмеуі, тек нақты көрсетілген қызмет көлеміне ақы төлеу, бюджет бағдарламаларын іске асыру үшін нормативтік құқықтық актілерді уақтылы қабылдамау негізгі себеп болғанын атап өтті.

"Жергілікті бюджеттің шығындары – 1,4 трлн теңге. 13 млрд теңге орындалған жоқ. Биыл өңірлерге 1,9 трлн теңге көлемінде мақсатты трансферт бөлінеді. Осы жылдың қаңтар-наурызында оларға 328 млрд теңге бөлінді. Қаржының 99,2% игерілді, 2,5 млрд теңге орындалған жоқ. Оның 0,5 млрд теңгесі үнемделді, 2 млрд теңге игерілмеді", - деді Ерұлан Жамаубаев.

Ол бюджет қаражатын игере алмаған өңірлерді атады.

"Бөлінген қаржыны игере алмағандар қатарында Нұр-Сұлтан, Алматы,  Батыс Қазақстан және Алматы облыстары бар", - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу