Жарияланған мәліметке сай, Тасқала ауданының прокуратурасы салық заңнамасының сақталуын талдаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Талдау электрондық шот-фактуралар деректерін 300.00 нысанындағы салық есептілігімен салыстыру нәтижесінде "J" ЖШС тарапынан қосылған құн салығы сомасын төмендету фактісін анықтады. Бұл ретте уәкілетті орган камералдық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жолдау бойынша тиісті шаралар қабылдамаған, – делінген хабарламада.
Осылайша, прокурорлық қадағалау актісі негізінде анықталған заң бұзушылықтар жойылды. Нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 77 млн теңге көлемінде міндетті салық төлемдері түсіп отыр.