Мемлекет қолжетімді баспана салған мекеменің несиесін төлеуге көмектеседі

349

Мемлекет қолжетімді баспана салған мекеменің несиесін төлеуге көмектеседі

Ақтөбеде "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында үй құрылысына білек сыбана кірісетін мекемелер тізімі түзіліп жатыр, деп хабарлайды 24.kz.

Биылғы жылдан бастап аймақта жаңа жоба қолға алынды. Бұл – құрылыс компаниялары алған несиені субсидиялау үрдісі. Яғни, мемлекет қолжетімді баспана салған мекеменің несиесін төлеуге көмектеседі. 

Игі бастама ең алдымен Ақтөбе өңірінде қолға алынып отыр. Бағдарламаға бірінші болып "Батыс-2" шағынауданында 9 қабатты тұрғын үй салған компания қатысып жатыр. Аталған бағдарлама бойынша 27 пәтер нарыққа шығарылады. Құрылысшыларға қолдау көрсету баспана бағасын арзандатуға септігін тигізбек. Мәселен, алғашқы 27 пәтердің шаршы метрі 140 мың теңгеден сатылады. Бұл – әзірге еліміздегі ең арзан баға. Тиісінше, сұраныс та жоғары. Әр баспанадан 8 отбасы үмітті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу