Мемлекет шын мұқтаж жандарға әрдайым қолдау көрсетуі керек – Мемлекет басшысы

224

Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші шақырылымдағы Құрылтай депутаттарына жеке бастың мүддесін емес, ел мүддесін басты орынға қоюға үндеді.  

Мемлекет шын мұқтаж жандарға әрдайым қолдау көрсетуі керек – Мемлекет басшысы Фото: akorda.kz

Құрылтайға қос палаталы Парламенттің депутаттары қарап үлгермеген бірқатар заң жобасын қабылдау тапсырылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Ерекше қажеттілігі бар балаларды жан-жақты қолдау жөніндегі заңға баса назар аудару қажет. Мен осы мәселе жөнінде Ұлттық құрылтайдың Бурабайдағы отырысында айттым.

Біз ерекше қажеттілігі бар балаларға көрсетілетін атаулы қолдаудың тиімді жүйесін құруымыз керек. Олардың толыққанды білім алуына жағдай жасау қажет. Әсіресе, медициналық және әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру керек.

Осындай балаларға арналған орталықтарды әр облыстың және үлкен аудандардың қалаларында салу қажет. Демеушілер де осы маңызды іс-шараға қатысады деп сенемін.

Мемлекет шын мұқтаж жандарға әрдайым қолдау көрсетуі керек. Бұл – мен үшін тұрақты ұстаным, – деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу