Аса ауыр қылмыс жасап, мемлекетаралық іздеуде жүрген 2 шетелдік Алматыда қолға түсті

423

Қазіргі уақытта екеуі де қамауға алынды.  

Аса ауыр қылмыс жасап, мемлекетаралық іздеуде жүрген 2 шетелдік Алматыда қолға түсті Фото: gov.kz

Алматыда көлік полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген екі шетелдікті ұстады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Құқықтық тәртіп" және "Заңсыз мигрант" жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізу барысында Көліктегі ПД қызметкерлері 12 қылмыскерді ұстап, із-түссіз жоғалған 1 адамды анықтады.

11 қыркүйекте Алматы қаласында аса ауыр қылмыс жасаған 33 жастағы шетел азаматы ұсталды. Сондай-ақ 15 қыркүйекте 49 жастағы тағы бір шетелдік азамат ұсталды. Ол үш жыл бойы есірткі құралдарын немесе психотроптық заттардың заңсыз айналымға шығарғаны үшін айыпты болып, мемлекетаралық іздеуде жүрген.

Көлік полицейлерінің кәсібилігінің арқасында іздеуде болған азаматтардың жүрген жерлері жедел анықталып, олар ұсталды. 

Қазір іздеу жариялаған тарапқа хабар беріліп, экстрадициялау мәселесі бойынша келісім жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу