"Мемлекетіміз үшін лайықты әке болғаны ғой": Бишімбаевтың бұрынғы әйелі мәлімдеме жасады

1131

Сот Назым Қахарманның өтінішін неге қанағаттандырмады?

"Мемлекетіміз үшін лайықты әке болғаны ғой": Бишімбаевтың бұрынғы әйелі мәлімдеме жасады Фото: inbusiness.kz

Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қахарман Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру туралы сотқа өтініш берген. Алайда, сот оның қанағаттандырмаған. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Назым Кахарман Бишімбаевпен бірлескен некеден туған үш баланы тәрбиелеп отыр.

"Біздің мемлекетіміз үшін лайықты әке болғаны ғой", – деп жазды ол желіде.

Сондай-ақ, Назым балаларының тегін де өзгертуді қалайтынын қоса кетті.

"Мәселе мынада, аса қауіпті қылмыскерлерге түрмеге әр қағаз үшін барып, одан келісім сұрап жүргіміз келмейді. Оның келісімінсіз балалардың ешқайсысы турнирге жаттықтырушымен немесе олимпиадаға мұғалімімен бірге бара алмайды. Заңның өзінде мұндай қылмыс жасағаны отбасы мүшесі ата-ана құқығынан айырылатындығын көрсеткен. Бұл жайдан-жай емес. Мұндай адамдар балалар үшін шешім қабылдамауы керек. Біздің жағдайда тіпті кедергі жасамауы керек. Балалар әлі күнге дейін оның фамилиясын алып жүр. Себебі ата-ананың екеуінің де келісімінсіз мұны жасай алмайды екенбіз", – деді Назым Кахарман.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу