Мемлекетке 300 миллион теңгеден аса актив қайтарылды

Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы хабарлады.   

Мемлекетке 300 миллион теңгеден аса актив қайтарылды Фото: Яндекс

Бүгінде мемлекеттік меншік мүддесін қорғау жұмысы ерекше бақыланып, жалғасып келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура органдары заңсыз берілген мемлекеттік активтерді қайтару бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

Жүргізілген шаралар нәтижесінде 2019 жылы "Қазақстан мәдениет зерттеу институты" ЖШС-нің заңсыз түрде иеліктен шығарылғаны анықталды.

Медеу ауданы прокуратурасының талабы негізінде сот мәмілелерді жарамсыз деп танып, жалпы құны 300 млн теңгеден асатын активтер мемлекетке қайтарылды, – делінген хабарламада.

Бұған дейін бас прокурор мемлекет меншігіне 800 мың гектар жердің қайтарылғанын жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу