Мемлекеттен бөлінген 6 триллион теңгеге жуық ақша қайда жұмсалып жатыр?

1524

Үкімет дағдарысқа қарсы шараларға 5,9 трлн теңге бөлді. 

Мемлекеттен бөлінген 6 триллион теңгеге жуық ақша қайда жұмсалып жатыр?

Президенттің штаттан тыс кеңесшісі Олжас Құдайбергенов Facebook-те әлеуметтік желілерде пандемиямен күресуге бөлінген қаржының қайда жұмсалғанын түсіндірді, деп хабарлайды Atameken Business. 

Еске салсақ, Үкімет дағдарысқа қарсы шараларға 5,9 трлн теңге бөлді. Құдайбергенов көптеген тармақтар бойынша ақша осы жылдың соңына дейін жұмсалатындығын, яғни мемлекет әлі толық соманы жұмсамағанын айтты.

Үкіметтің баяндамасына сәйкес, ақшаның көп бөлігі салық түсімдерінің орнын толтырып, елдің әлеуметтік міндеттемелерін орындауға кететінін жазған. Бұл мақсаттарға 1,7 трлн теңге бағытталады. Сонымен қатар, бір триллион "Жұмыспен қамтудың жол картасын" қаржыландыруға және "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасын несиелендіруге үлестіріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу