Мемлекеттен қолдау алғандарды автоматты түрде анықтаймыз – Қаржы министрлігі

691

"Қаражатты неғұрлым тиімді пайдалануын қадағалаймыз"

Мемлекеттен қолдау алғандарды автоматты түрде анықтаймыз – Қаржы министрлігі

Қаржы министрлігі бөлінетін мемлекеттік қолдау шараларын мониторингтеу жүйесін әзірледі. Бұл – қолдау алушыларды анықтаудың автоматтандырылған жүйесі.

Мұндай жаңалықты Үкімет отырысында қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Скоринг" құралы іске асырылатын болады, оның нәтижелерін мемлекеттік қолдау көрсету кезінде пайдалану жоспарланып отыр. Бұл кәсіпкерлерді қаржылық қолдауға бағытталған қаражатты неғұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Осылайша, салық төлеу, жұмыс орындарын ұлғайту немесе жалақы қоры бойынша оң көрсеткіштері бар бизнеске қолдау жасалатын болады", – деді министрдің орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу