Мемлекеттік аквапарк сенімгерлік басқаруға беріледі – Семей

486

Тендерге қатысушы миллион теңге көлемінде кепіл енгізуі керек және шотында тағы 100 миллион теңге болуы керек.

Мемлекеттік аквапарк сенімгерлік басқаруға беріледі – Семей Фото: gosreestr.kz.

Семей әкімдігі Ертіс өзенінің жағалауындағы Аквапаркті сенімгерлік басқаруға бермек. Нысан құрамында бірнеше жаздық кафе, жылжымалы төбешіктер, биіктен секіруге болатын бассейн, су сырғанақтары, лагуна, субұрқақ, көпір, сарқырама бар. Сенімгерлік басқару мерзімі – 10 жыл, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Кейінгі жылдары қала тұрғындары аквапарктың жағдайына риза емес.

"Жақсы аквапарк болған. Тіпті Астанада мұндай ашық бассейн жоқ. Қазір лас, күтімсіз қалып отыр", деп жазып жатыр қала халқы әлеуметтік желіде.

Сенімгерлік басқаруға алушыға төмендегідей талаптар қойылған.

"Шомылу маусымына дейін дайындық жұмыстарын жүргізу қажет; аумақта кемінде 30% төсеніштерді ауыстыра отырып, бес жылда бір рет күрделі жөндеу жүргізу, үш пластикалық слайдтағы тозған науалар мен джекпоттарды ішінара ауыстыра отырып, төбенің жылжымалы жабынын ауыстыру; қызметкерлер мен объектіге келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тиісті шаралар қабылдау; қала әкімдігінің тапсырмасы бойынша мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; белгіленген талаптарға сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын қамтамасыз ету; балалар үйлері мен мүмкіндігі шектеулі балалар үшін жеңілдікті билеттердің бағасы кемінде 40% жеңілдік белгіленсін; шарт талаптарының орындалуын бақылау мақсатында құрылтайшы мен баланс ұстаушы өкілдерінің объектіге кедергісіз кіруін қамтамасыз етсін", - делінген әкімдік әзірлеген құжатта.

Сондай-ақ, сенімгерлікпен басқарушыдан он жыл ішінде кемінде 100 миллион теңге инвестиция сала отырып, қала халқының мәдени демалысы үшін жағдай жасау талап етіледі. Сыйақының шекті мөлшері сенімгерлік басқарудың таза табысының 50%-ын. құрайды. Тендерге қатысушы миллион теңге көлемінде кепіл енгізуі керек және шотында тағы 100 миллион теңге болуы керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу