Мемлекеттік аппарат пандемия кезінде тиімділігін көрсетті

1361

Қазақстан мемаппараттың жұмысын жүйелендіріп, уақытылы шаралар қабылдай алған елдердің қатарында. 

Мемлекеттік аппарат пандемия кезінде тиімділігін көрсетті

"Орталық Азиядағы тұрақты даму мақсаттары және COVID-19 сын-қатерлері" атты халықаралық онлайн-конференцияға қатысқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова осылай деді. 

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, пандемия барлық мемлекеттер үшін стресс-тестке айналды. Алайда біз басқа елдер сияқты жинақталған тәжірибені ұтымды пайдаланып, өз жұмысымызды бір жүйеге қойып, қайта құра алдық. Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және тұрғындарды қолдау бойынша бірқатар шаралар қабылданды. Бұл бағытқа 450 млрд тенге бөлінді. Елбасы – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша "Біргеміз" қоры аясында 550 мыңнан астам отбасыға бір реттік қаржылай қолдау көрсетілді", – деді Анар Жайылғанова.

Сонымен қатар Агенттік басшысы мемлекеттік аппаратты жедел цифрландыру, оның функцияларын оңтайландыру, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қайта қарау бойынша шаралар қабылдануда. 

"Тиімді мемлекеттік басқару және коммуникациялар дағдарысқа қарсы шаралар табысының негізгі элементтері болып табылады", – деді ол.

Онлайн-конференция Назарбаев университетінің жоғары мемлекеттік саясат мектебі мен Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана хабының бастамасы бойынша өткізілді. Іс-шара қатысушыларға COVID-19-дан кейінгі кезеңде Орталық Азиядағы тұрақты даму мақсаттарына байланысты проблемаларды талқылауға және шешімдер қабылдауға, сондай-ақ ғалымдар мен практиктер арасында коммуникативтік алаң құруға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу