Мемлекеттік бақылау жыл басынан бері 865 бұзушылық анықтады

652

Әкімшілік айыппұлдар сомасы 140,6 млн. теңгені құрады. 

Мемлекеттік бақылау жыл басынан бері 865  бұзушылық анықтады Фото: ortcom.kz

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сауда және интеграция министрлігі, Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев биылғы  10 айдағы мемлекеттік бақылаудың негізгі қорытындыларын баяндады, деп хабарлайды, inbusiness.kz тілшісі.

Мемлекеттік бақылау нарық айналымындағы өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тұрақты негізде жүргізіледі. Жыл басынан бері аумақтық департаменттер мыңнан астам тексеру жүргізіп,  865 бұзушылық анықтады.

"122 ұйғарым берілді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша 155 қаулы шығарылды. Әкімшілік айыппұлдар сомасы 140,6 млн. теңгені құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 77% - ға жоғары", - деді Қуаныш Елікбаев.

Сондай-ақ 70 аккредиттеу субъектісі тексеріліп, 39 субъектіде бұзушылықтар анықталған. Сондай-ақ оларға 2,4 млн.теңгеге айыппұл салынды. Бұл субъектілердің бірқатары бұл шешімді  сотта даулап жатыр.

Департаменттер 570 зергерлік бұйым сатушыларға профилактикалық бақылау жүргізген. Оның ішінде 458 жағдайда бұзушылықтар анықталды.

Қуаныш Елікбаевтың айтуынша, бұл сатушылар сынақтан, талдаудан және таңбалаудан өтпеген бұйымдарды сатқан. "Сонымен қатар Қазақстан таңбасы жоқ, Қазақстанда сынамасы расталмаған зергерлік бұйымдарды сатты", - деп атап өтті төраға.

Сонымен қатар Комитеттің ұйғарымымен заңсыз ресімделген 57 сәйкестік декларациясы мен 63 сәйкестік сертификатының еліміз аумағында әрекет ету күші жойылды. Қырғызстандық әріптестермен бірлесе осы елдің сертификаттау органы тұрмыстық техникаға берген 12 сертификаттың күші жойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу