Мемлекеттік басқару, қорғаныс және әлеуметтік қамсыздандыруға бағытталған инвестиция көлемі артты

538

Биылғы қаңтар-ақпан айларында мемлекеттік басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамсыздандыру саласында негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 15,8 млрд теңгені құрады.  

Мемлекеттік басқару, қорғаныс және әлеуметтік қамсыздандыруға бағытталған инвестиция көлемі артты Фото: Устинка

Бұл  былтырғыға қарағанда ақшалай мәнде 5,1 есе көп, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Аймақтар тұрғысынан алғанда сектордағы инвестициялардың айтарлықтай көлемі Түркістан облысына бөлінді: 4,7 млрд тг.

Көшбасшылардың бестігінде Маңғыстау (4,6 млрд тг), Абай (2,8 млрд тг), Солтүстік Қазақстан (1,2 млрд тг) облыстары мен Алматы қаласы (871,3 млн тг) бар. Инвестицияның ең аз көлемі Ақмола облысында (1 млн тг) тіркелді.

Республиканың 20 өңірінің ішінде Жамбыл және Ұлытау облыстарында секторға инвестициялар түспеді.

Сектордағы барлық инвестициялық портфельдің 66,4%-ы банктік емес қарыз қаражаты есебінен қамтамасыз етілген: 10,5 млрд тг. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде банктік емес қарыз қаражатынан инвестиция түспеген.

Республикалық бюджеттен – 2,8 млрд тг, жергілікті бюджеттерден 2,4 млрд тг тартылды.

Тағы 127,3 млн теңге кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен инвестицияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу