Мемлекеттік басқару және қорғаныс саласына бөлінген қаржы көлемі артты

302

2023 жылғы қаңтар-тамыз аралығында мемлекеттік басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы негізгі капиталға 80,4 млрд теңге инвестиция салынды. 

Мемлекеттік басқару және қорғаныс саласына бөлінген қаржы көлемі артты Фото: Inbusiness.kz

Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 38,3%-ға артық. Инвестициялар нақты көлемде 31,4%-ға артты, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Өңірлік бөліністе сектордағы ең көп инвестицияның көлемі Алматыға тиесілі: 19,7 млрд теңге. Үштік қатарында Түркістан (10,6 млрд теңге) және Маңғыстау (7 млрд теңге) облыстары бар.

Ең аз инвестиция Ұлытау, Ақмола және Павлодар облыстарына жұмсалды.

Инвестициялардың 51,1%-ы жергілікті бюджеттер есебінен қамтамасыз етілді: 41,1 млрд теңге. Республикалық бюджетке – 21,5 млрд теңге, банктік емес қарыз қаражаты – 14,8 млрд теңге, кәсіпорындардың меншікті қаражатына 3 млрд теңге тиесілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу