Мемлекеттік басқару және қорғаныс саласындағы күрделі салымдар бірден 74%-ға өсті

827

Аймақтық тұрғыда халық тығыз орналасқан оңтүстіктегі Түркістан және Алматы облыстары алдыңғы қатарда.

Мемлекеттік басқару және қорғаныс саласындағы күрделі салымдар бірден 74%-ға өсті

2022 жылдың қаңтар-сәуір айларында мемлекеттік басқару және қорғаныс, сондай-ақ міндетті әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 16,2 млрд теңгеге жетті. 

Бұл бір жыл бұрынғыдан құндық мәнде бірден 84,2%-ға артық, деп жазды inbusiness.kz тілшісі finpom.kz-ке сілтеме жасап. 

Саладағы күрделі салымдар көлемінің өсімі 74,1%-ды құрады.

Салыстырар болсақ, 2021 жылдың сәйкес кезеңінде бұл сектор жылына 40,7%-ға, 8,8 млрд теңгеге дейін құлдырады.

Соңғы жылдары инвестициялардың айтарлықтай жыл сайынғы өсуі "корона дағдарыта" 2020 жылы (3,3 есе, 14,8 млрд теңгеге дейін) және одан бұрын, 2017 жылы (2,2 есе, 6,2 млрд теңгеге дейін) байқалды.  

Өңірлік тұрғыда биылғы жылы секторға инвестицияның ең көп көлемі Түркістан облысына тиесілі (4,3 млрд теңге – бір жыл бұрынғыдан 3,3 есеге артық).

Үздік үштікке сондай-ақ елорда (3,3 млрд теңге, өсім 2,7 есе) және Алматы облысы (2,7 млрд теңге, өсім 3,1 есе) кірді. ТОП-3 өңірлер сектордың инвестициялық портфелінің 63,5%-ын құрады.

Күрделі салымдардың ең аз көлемі Қостанай облысында тіркелді: бар болғаны 15,3 млн теңге – бір жыл бұрынғыдан 19,5 есе аз. Тағы екі өңірде – Маңғыстау және Қызылорда облыстарында салаға инвестиция құйылған жоқ.  Қаржыландыру көздері бойынша күрделі салымдардың 58,2%-ы жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз етілді (9,4 млрд теңге), бір жыл ішінде 35,4%-ға өсті.

Тағы 6,3 млрд теңге (бір жыл бұрынғыдан 4,1 есе көп) республикалық бюджеттен түсті. Қалған 443,8 млн теңге кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен 57,3% қосылды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу